Алматы облысында аттестаттаудан белгіленген мерзімінде аттестаттаудан өтуге үлгермеген полицейлер жұмыстан шығарылмақ

ТАЛДЫҚОРҒАН. 24 қазан. ҚазАқпарат - Өңірлік аттестаттау комиссиясы заңнаманы білуде, психологиялық тұрақтылық пен дене шынықтыру және атыс дайындығы бойынша нормативтерді тапсырудың тестілеу мерзімінде үлгермеген полиция қызметкерлерін жұмыстан шығаруға ұсынды.

Алматы облысында аттестаттаудан белгіленген мерзімінде аттестаттаудан өтуге үлгермеген полицейлер жұмыстан шығарылмақ

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі күні Алматы облысындағы полиция қызметкерлерінің жалпы санынан 837 қызметкер мандат комиссиясының шешімі бойынша қызметіне сәйкес емес деп танылды, олардың 113-і қызметін төмендетуге, 553-і басқа қызметке ауыстыруға, 171-і жұмыстан шығарылуға ұсынылды.