Алматы облысында ауыл округінің бұрынғы әкіміне 44 млн. теңге айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Іле аудандық сотында Междуреченск ауылдық округінің бұрынғы әкімі К.Базарбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
None
None

Іс материалдарына қарағанда, К.Базарбаев жеке үй құрылысы үшін бір жер телімін екі азаматқа заңсыз бөлу фактісі материалын тәртіптік кеңеске жібермеу үшін сыбайлас жемқорлыққа күрес офицеріне өз қолымен пара берген. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

2015 жылғы 29 шілдедегі сот үкімімен К.Базарбаев ҚР ҚК-нің 2-бөлімі 367-бабымен (пара беру) айыпты деп танылды. Оған жеке мүлкін тәркілеумен, өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырумен 44 611 200 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар