11:36, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Алматы облысында ауыл шаруашылығын дамытуға 12 млрд. теңге бағытталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында биылғы жылы ауыл шаруашылығын дамытуға 12 млрд. теңге бағытталды,
ол өткен жылға қарағанда 1,7 млрд. теңгеге артық. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков хабарлады.
Оның айтуынша, бүгінгі күні облыста 893 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, 52 мың шаруа қожалықтары жұмыс істейді, олар ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға қомақты үлес қосып келеді. Олардың үлесіне елімізде өсірілетін сояның, қант қызылшасының түгелге жуық мөлшері, жүгерінің, темекінің, көкөністердің, жеміс-жидектердің және еттің басым бөлігі тиеді. Жалпы алғанда, облыс бойынша бақша және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 215,8 млрд. теңгеге дейін жетті, ол өткен жылғы деңгейден 1,2 есе көп.