Алматы облысында ауыл үшін мамандар дайындалуда

ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында ауыл-село үшін мамандар оқытылуда,
None
None

 деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков.

Оның айтуынша, облыста жылдың басынан бері 300-ге жуық маман курстан өтті. 111 адам «Ветеринария» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында оқыды. 180 адам басқа да оқу орындарында білім алды, солардың ішінде 115 адам техникалық мамандықтарды игеріп шықты.

«Қазақ астық шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы институты жанында құрылған «Үшқоңыр» білім беру орталығында бүгінде 18 мамандық бойынша 272 адам оқып жатыр», деп атап өтті әкімнің орынбасары.

2010-2011 жылдары 4 кәсіби лицей құрылысы салынбақшы. Оның 3-уі ауыл шаруашылығы бағытында болмақшы. Олардан бөлек, облыс Қазақ аграрлық университеті жанында жұмыс істейтін колледждермен жұмысты жолға қою жоспарлануда.

Бүгінде агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрларды 15 кәсіби лицей мен 3 колледж дайындайды.

Соңғы жаңалықтар