Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысында автобустар мен жүк көліктерін құрастыратын жаңа зауыт ашылды

АЛМАТЫ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана моторс» компаниясының диллерліктен өндіріске көшуі өте қызықты. Оны Премьер-Министрдің 1- орынбасары Өмірзақ Шөкеев бүгін Алматы облысы Талғар ауданы Колхозшы ауылында «Хундай» компаниясының автобустары мен жүк көліктерін құрастыратын жаңа зауыттың ашылу рәсімінде айтты.

Алматы облысында автобустар мен жүк көліктерін құрастыратын жаңа зауыт ашылды

"Астана моторс» бұрын елімізге импорттық автомобилді жеткізіп, оны сатумен ғана айналысып, диллерлік қызметпен сәтті айналысып келген еді. Қазақстанның көлік нарығының келешегі өте зор. Нарықтың шарықтау шыңында мұнда жылына 800 мың жеңіл көлік сатылды. Кеден одағының құрылумен бірге ағымдағы жылы 1 маусымнан бастап жаңа автомобилдердің кедендік алымы 30 пайызды құрайды. Сондықтан диллерліктен өндіріске көшу өте қызықты болып отыр", деді Өмірзақ Шөкеев. Вице-премьердің айтуынша, «Хундай» сияқты әлемдік брендтердің Қазақстан нарығына келуінің көлік өндірісінде маңызы өте зор. Қазір ешкім де ірі концерн құруға ұмтылмайды. Конструктурлық бюродан бастап, құрастыруға дейінгі барлық кезеңді қамтитын әлемдік автомобиль нарығы ірі өндірушілер арасында әлдеқашан бөлініп қойылған. Бұл зауыт соның нақты көрінісі. Сондай-ақ бұл «Астана моторс» компаниясының дамуындағы жаңа кезеңнің басы.