Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысында автожол салу кезінде мина табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Алматы-Өскемен» жаңа автожолындағы жол құрылысы жұмыстары кезінде Сарыөзек кенті маңынан тракторшылардың бірі мина тауып алды.

Алматы облысында автожол салу кезінде мина табылды

Шақыру бойынша келген Кербұлақ АІІБ тергеу-жедел тобы бұл ақпаратты қуаттады.

Алматы облысы ІІД-нің «Арлан» арнайы бөлімшесінің саперлері келгенге дейін ату жарағы табылған жердің айналасын жергілікті полицейлер қоршауға алды.

Ату жарағы оқу-жаттығуға арналған танкіге қарсы «ТМ-57» минасы болып шықты.

Қазіргі кезде оқиға орнынан табылған оқу-жаттығу минасы бұл факті бойынша жиналған материалдармен бірге әскери полиция бөлімшесіне тапсырылды.