Алматы облысында азық-түлік белдеуін дамыту үшін 20 жоба жүзеге асырылуда
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, көпжылдық көшет отырғызатын орын аумағы 9,5 мың гектарды құрады. 32 гектар жеріне тамшылатып суару әдісімен апорт алмасын және жүзім бағын отырғызу көзделген.
Өңірде жалпы аумағы 38 га болатын 324 жылыжай бар. 2013 жылы жылыжайда өсірілетін көкөніс 2011 жылмен салыстырғанда 1,3 есе ұлғайып, 10,2 мың тоннаны құрады. Сыйымдылығы 103,5 мың тоннаны құрайтын 61 жеміс-көкөніс қоймасы жұмыс істейді.
Онымен қоса, жүзеге асырылып жатқан «Сыбаға» бағдарламасы облыстың ет өндірісі әлеуетін арттыруға бағытталуда. 21 мың бас аналық мал мен 4,5 мың бас шетелдік асыл тұқымды іріқара сатып алынды. 12,7 мың ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы жасақталды. Бұл Алматыны жыл сайын 23 мың тонна етпен қамтамасыз етуге жол ашады.