Алматы облысында банк тонаушысы ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы банктердің бірінің күзетшісі белгісіз біреудің банк ғимаратына бұзып кіріп, банкоматты бөлшектеп, ақша қаражаттарын алып кетпекші болғанын хабарлады.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға орнына шыққан тергеу-жедел тобы мен қалалық полицияның патрульдік жасақтары Қаратал ауданына қарасты Үштөбе ауылының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі кезде ол қамауға алынды.
Аталған факті бойынша Талдықорған қалалық ІІБ-да қылмыстық іс қозғалды.