Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысында барымташылар 200 жылқыны ұрлап әкетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері ағымдағы жылдың басында ұсталған қылмыстық топтың 200 жылқыны ұрлау оқиғасына қатысы бар екендігін дәлелдеді.

Алматы облысында барымташылар 200 жылқыны ұрлап әкетті

Тергеу амалдары анықтағандай, қылмыстық топ өз әрекеттерін Алматы облысының бес ауданында іске асырған. Оның құрамына 30-44 жастардағы 14 ер адам кірді. Олар Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Алматының тұрғындары болып шықты.

Олардың 47 мал ұрлау оқиғасына қатысы бар екендігі дәлелденді. Жалпы алғанда баукеспелер 200-ден астам жылқыны ұрлаған. Тексеру амалдарының барысында табылған 33 жылқы заңды иелеріне қайтарылды.

Бәрінен бұрын бұл тұрғыда Қарасай ауданының тұрғындары зардап шекті, барымташылар бұл ауданнан 70-тен астам жылқыны ұрлаған. Келтірілген шығын ондаған миллионнан асып жығылады.