Алматы облысында бір әйелге өз ұлын өлтірді деген күдік келтіріліп отыр
ТАЛДЫҚОРҒАН. 11 қазан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында полиция қызметкерлері өз ұлын өзі өлтірді деген күдікпен 54 жастағы әйелді ұстады.
Облыстық ІІД хабарлағандай, пышақ жарақатынан қаза тапқан 33 жастағы азамттың денесі Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылында табылған болатын.
Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, қылмысқа ана мен бала арасындағы жанжал себеп болған.
Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, оқиға орнынан табылған ас үй пышағы айғақ ретінде тәркіленді.