Алматы облысында бір отбасының үш мүшесі тұтқындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысында алаяқтық жасады деген күдікпен бір отбасының үш мүшесі ұсталды. Әкесі, шешесі және баласы қазір тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында бір отбасының үш мүшесі тұтқындалды

Іс материалына сәйкес, Көксу ауданының ерлі-зайыпты тұрғындары 25 жастағы ұлымен бірге алаяқтық жасады деп айыпталуда. Олар түрлі айла тәсілмен адамдардың сеніміне кіріп, автокөліктер мен малдарын алып, артынша сатып отырған. Осылайша 9 жәбірленушіге келтірген шығын көлемі 6 млн теңгеден асып кеткен.  Қазір ұсталған азаматтардың бұдан басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Егер де зардап шеккендер бар болса, Талдықорған қалалық ІІБ немесе осы  номерге хабарласуларыңызды сұрайды.  8 7282 608067, 8 7074134373, 8 707 192 12 13