Алматы облысында бір тәуліктің ішінде героин сатумен айналысқан 4 адам ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұйымдастырған жедел алдын алу шарасы барысында бір тәуліктің ішінде героин сататын төрт орын жойылды, деп хабарлады аймақтың ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Есірткі саудалаған екі адам Көксу ауданында, біреуі Үштөбе қаласында және тағы біреуі - облыс орталығында ұсталған.
«Күдіктілердің төртеуі де - аймақта есірткі таратумен мақсатты түрде айналысқан бір топтың мүшелері. Бұл топтың тағы үш мүшесі сәуір айының аяғында Кербұлақ ауданында ұсталған», - деді ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жанат Қиалбаев. ІІД-де атап өтілгендей, жыл басынан бері аймақ полицейлері заңсыз айналымнан 200 келіден астам есірткіні тәркілеген, соның ішінде 7 келі героин, 13 келі наша және 227 келі марихуана болған.