Алматы облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша 2015 жылға 3,8 млрд теңге бөлінді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында шағын және орта бизнес белсенді дамуда. Сонымен «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2015 жылға 3,8 млрд. теңге бөлінді.

Алматы облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша 2015 жылға 3,8 млрд теңге бөлінді

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев Талдықорған қ. Журналистер үйінде өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі барысында мәлімдеді.

Жұмыс істеп жатқан субъектілердің саны 2014 жылмен салыстырғанда, 3,8 пайызға өсті, оған 327,8 мың адам жұмысқа орналасты. Алматы облысында 179,8 млрд. теңгеге өнім шығарылды, бұл өткен жылға қарағанда, 2,5 пайызға артық.