Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысында болған жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты, соның ішінде бір бала бар

ТАЛДЫҚОРҒАН. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек кентінің маңында, «Алматы-Өскемен» тас жолының 177-ші шақырымында үш автокөлік - «Мазда» және екі «Ауди-100» соқтығысты.

Алматы облысында болған жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты, соның ішінде бір бала бар

Жол-көлік апатының салдарынан екі адам, соның ішінде 7-8 жасар бір бала оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен үшінші азамат ауруханаға апарар жолда бақилық болды. Қазіргі уақытта дәрігерлердің қарауында қайғылы оқиға салдарынан зардап шеккен тағы төрт азамат жатыр. 

Жол-көлік оқиғасының фактісі бойынша полицейлер бірқатар сәйкестендірілген сараптамаларды тағайындаумен алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізуде.