Алматы облысында ботулизмге шалдыққан 12 адамның үшеуі реанимацияда жатыр

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат – Алматы облысының Жамбыл ауданында ботулизмге шалдыққан 12 сырқаттың үшеуі, оның ішінде 12 жасар қыз реанимация бөлімінде жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұдан бұрын хабарлағандай, қаңтардың 18-інде осы ауданның Қайназар ауылынан 12 адам тамаққа уланып (ботулизм) Ұзынағаш аудандық ауруханасына түскен болатын. Алдын-ала мәліметтер бойынша, олар баклажаннан жасалған салат жеп, уланып қалған. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша, олардың алтауы үйлеріне қайтарылды.
Соңғы жаңалықтар