Алматы облысында бұрқасынға байланысты жол жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 ақпан күні сағат 23-10-да ауа райының нашарлауына байланысты (күшті қар, боран) "Алматы-Өскемен" автожолының (287-319 ш.) учаскесінде Талдықорған қ. - Қызыл Ағаш ауылы аралығында жүк автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.