Алматы облысында дала өрті 18 гектар егіндікті жалмады

АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - Кеше Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Самсы ауылдық округінде тұтанған дала өрті «Қаттаубай» ЖШС-не тиесілі егіндікті шарпыды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Алматы облысында дала өрті 18 гектар егіндікті жалмады

Өрт 108 гектар аумақты қамтыды, оның 18 гектары егіндік. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қызыл жалынды сөндіруге 4 сағаттан астам уақыт кеткен. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметімен қатар 100 жергілікті тұрғын жұмылдырылған.