17:49, 27 Сәуір 2014 | GMT +5
Алматы облысында егістікте он адам уланып қалған
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай қалалық ауруханасына минералдық тыңайтқыштармен улану белгілерімен Шеңгелді селолық округының Қарабұлақ ауылының он тұрғыны шағымданған. Бұл туралы Алматы облыстық тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Олардың айтуынша, шаруашылық қожалықтарының бірінде жұмыс істейтін бұл адамдар егістік жұмыстары кезінде уланып қалған. Яғни, олар пияз егу барысында пестицидтерді пайдаланған. Қазіргі уақытта оқиға орнында СЭС мамандары жұмыс жүргізіп жатыр. Уланғандардың жай-күйі қазір қанағаттандырарлық деңгейде.