Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысында экологиялық форум өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 25 маусым. ҚазАқпарат - Талғар қаласындағы аграрлық бизнес және менеджмент колледжінде Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Табиғатты қорғау - болашақты қорғау» атты облыстық экологиялық форум болып өтті.

Алматы облысында экологиялық форум өтті

Алматы облысы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспектор Ерлан Қойшыбаевтың хабарлауынша, Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні БҰҰ Бас Ассамблеясымен 1972 жылы бекітіліп, сол уақыттан бері бүкіл әлемде атап өтілуде.

7-10 сынып оқушылары - мектепішілік, аудандық және қалалық экологиялық байқаулардың жеңімпаздары сегіз аталымда жарысты: «экологиялық пейзаждар», «ақындар сайысы», «экологиялық зерттеулер жобасы», «фоторепортаж», «суретшілер байқауы», «икебана».