Алматы облысында экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бағдарлама жасалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бағдарлама жасалып отыр,
None
None
деп мәлім етті сенбі күні өткен аймақ аграршыларының қорытынды жиынында облыс басшысы Серік Үмбетов. «Қаржы институттарының қарауына жіберуге 36 инвестициялық жоба іріктеліп отыр. Облысымыздың ауыл шаруашылығы аймақтағы барлық әлеуметтік-экономикалық ахуалға анағұрлым әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты бағдарламада инновациялық технологиялардың қолданысын кеңейту жөніндегі шаралар қарастырылуда. Жылыжай кешендерін салу, бау-бақшалар отырғызу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жөніндегі желілерді іске қосу, жеміс-көкөністер сақтайтын қоймаларды салу, мал бордақылау кешендерін жасау сияқты басымдықты бағыттар анықталды»,- деп атап көрсетті облыс әкімі өз сөзінде.
Соңғы жаңалықтар