08:50, 18 Қазан 2015 | GMT +5
Алматы облысында Еңбек кодексінің бұзылуы анықталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы еңбекақыны уақытында төлеу жөніндегі еңбек заңнамасының сақталуына талдау жасады.

«Есік су құбыры» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкерлердің еңбекақысын екі ай бойы бермей отырғаны анықталды.
Еңбек кодексінің 134-ші бабына сәйкес еңбекақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы түрінде айына кемінде бір рет келесі айдың алғашқы онкүндігінен кешіктірілмей төленуі тиіс.
Еңбекақыны дер кезінде төлемегені үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Аудан прокуратурасы талдау қорытындысы бойынша еңбек инспекциясының басшысы атына ұсынба жолдады.