Алматы облысында энтеровирус індетіне шалдыққандардың басым бөлігі емделіп шықты - ҚР ДСМ

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қайназар ауылында энтеровирус індетіне шалдығып, аурухана түскендердің басым бөлігі емделіп шықты. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова мәлім етті.
None
None

«Бүгінгі таңда 31 адам шықты, ал қалған 9 адам бүгін-ертең шығатын болады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, індет ауыз судан тараған. Сондықтан су құбырларының жұмысы тоқтатылып, оны тазалау жұмыстары қолға алынды. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарына су тасымалданып жеткізілуде. Ал құбырлар осы апта ішінде толығымен тазаланып, ауылға ауыз су берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар