Алматы облысында футболдан Қазақстанның құрама командаларына арналған оқу-жаттығу базасы ашылады
АСТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 31-інде Алматы облысының Талғар ауданында футболдан Қазақстанның құрама командаларына арналған оқу-жаттығу базасы ашылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, сол күні базаның тарихында тұңғыш рет Қазақстан ұлттық құрумасының жиыны басталады. Оқу-жаттығу жиыны маусымның 5-іне дейін созылады. Оның бағдарламасы аясында жаттығу сабақтарынан бөлек ойыншылардың дене күшінің жағдайы тестілеуден өткізілетін болады.
Айта кетейік, голландиялық маман Бернд Шторк жаттықтыратын Қазақстан құрамасы ағымдағы жылдың қыркүйек айында 2012 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі жарысын бастайды. Біздің команда Гермения, Түркия, Белгия, Австрия және Әзірбайжан құрамаларымен бірге «А» тобында сынға түседі. Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын қыркүйектің 3-інде өз алаңында Түркия құрамасымен өткізеді.