18:53, 18 Ақпан 2010 | GMT +5
Алматы облысында ішкі істер органдары қоғамдық құрылымдармен бірлесіп 1200 қылмысты ашты
ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының полицейлері қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, 2009 жылы 1200 қылмысты ашты.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Калашников деген біреудің мал ұрлады деген күдікпен Ескелді ауданында ұсталуы осының куәсі бола алады. Бұл іс қоғамдық көмекші Жабынаевтың қатысуымен жүргізілді. Кербұлақ ауданындағы қоғамдық көмекші Кәкеновтың көмегі арқасында ұзақ уақыттар бойы облыстық полицияның іздеуінде жүрген қауіпті қылмыскер ұсталды.
Университет студенттерінен жасақталған «Жас қыран» полицияға көмек көрсету жасағы үшін 2009 жыл барынша қауырт болды. Олар 600-ден астам құқық бұзушыларды ұстады және 56 қылмысты ашуға қатысты.