13:07, 19 Ақпан 2018 | GMT +5
Алматы облысында із-түзсіз жоғалған оқушылар табылмай жатыр
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында жоғалған екі оқушыны іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
8 қаңтар күні үйінен шығып, сол күйі оралмағандардың бірі Талғар ауданындағы Ақтас ауылының тұрғыны. 16 жастағы Александра Плигинадан әлі күнге дейін хабар жоқ. Жасөспірімнің бойы шамамен 160-165 см. Көзінің сол жақ тұсында кішкентай тыртық бар.
Ал екінші оқушы Талдықорған қаласында жоғалды. Нұрбек Сейітхан есімді бала 2017 жылдың 16 желтоқсанында үйінен шығып кетіп, оралмаған. 17 жастағы Нұрбектің үстінде қою көк түсті куртка, қара түсті шалбар және қара түсті малақай болған. Егер де суреттегі балаларды кімде -кім көрген болса, жедел түрде 102 номеріне хабарласуға болады. Сондай-ақ, полицейлер 8-7282-60-80-67 (68) және 8-72774-2-10-61 номеріне қоңырау шалуды сұрайды