09:07, 06 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алматы облысында қаңтар айының соңында әкімдер есеп бере бастайды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында әкімдердің жыл сайынғы есеп беру науқаны биыл қаңтардың 28-інде басталып,
ақпанның 11-інде аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, осы екі аптаның ішінде 16 аудан әкімі мен үш қала әкімі былтырғы жыл бойына атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп береді. Ал облыс әкімі Серік Үмбетовтың қорытынды есебі ақпанның 11-іне жоспарланып отыр.