Алматы облысында қар көшкіні қаупі бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер Алматы облысында қар көшкіні болу қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Алматы облысында қар көшкіні қаупі  бар

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, қардың көп мөлшерде түсуінен (15 мм жоғары) және қар жабынының биік болуынан 20-21 наурыз күндері Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі сақталады.

Халыққа көшкін болуы ықтимал қар басқан тау бөктерлеріне бармауға кеңес беріледі.