Алматы облысында қаза тапқан адамдардың көбі көлік апаттары мен әртүрлі оқиғалардан көз жұмған
ТАЛДЫҚОРҒАН. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Жедел алынған ақпараттарға жүгінсек, Алматы облысында табиғат мінезінен болатын төтенше жағдайлар саны 263 оқиғаны немесе барлық төтенше жағдайлардың 8,6 пайызын құраған.
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға немесе 16 жағдайға артық. Осы апаттар кезінде 147 адам зардап шегіп (2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 62 адамға кем), 134 адам көз жұмған (2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32 адамға көп), осы қаза болған 134 адамның 99 пайызы суға кетіп көз жұмған.
Қаза болған адамдардың көбі көлік апаттары мен әртүрлі оқиғалардан өмірмен қоштасқан, олардың саны - 464 адам (58 пайыз), суға кеткен адамдар саны - 133 (16,6), тұрмыстағы қайғылы оқиға салдарынан 87 адам көз жұмса, өндірістік және тұрмыстық өрттер 52 адамның өмірін алып кеткен, гидрометеорологиялық және геологиялық қауіпті құбылыстардан 46 адам опат болған (5,7 пайыз).