Алматы облысында көлік апатынан екі адам мерт болып, бес адам зардап шекті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -Алматы облысында көлік апатынан екі адам мерт болып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында көлік апатынан екі адам мерт болып, бес адам зардап шекті

Оқиға бүгін Алматы-Бішкек тас жолының 102 шақырымында, Жамбыл ауданының маңында болған апаттан зардап шеккен бес адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ал екі адам оқиға орнында көз жұмған. Аталған фактіні облыстық ІІД-і растады. Қазір осы  қайғылы жағдайға байланысты іс қозғалып, тергеу жалғасуда.