Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысында көпбалалы отбасы моншада тұрып жүр

ТАЛДЫҚОРҒАН. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысының Іле ауданында кішкентай төрт бала тәрбиеленіп жатқан Злобиндер отбасы құзырлы органдардың назарынан тыс қалып отыр.

Алматы облысында көпбалалы отбасы моншада тұрып жүр

Бұл туралы 2011 жылдың және 2012 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына арналған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша заңнаманы сақтауды өзек еткен алқа отырысында облыстық прокуратураның қызметкерлері мәлім етті.

Прокуратураның ақпаратынша, отбасы әр жерде бас сауғалап жүреді. Мысалға, қазір олар қараусыз қалған ауыл моншасын уақытша паналап отыр. Оқу құралдары мен киімдерінің жоқтығынан балалары Юрий, Юлия және Виктор Злобиндер мектепке бармайды. Юра алтыншы сыныпқа баруы тиіс, бірақ оның білім алуы төртінші сыныптан тоқтаған. Ал 7 жасқа толған Виктор мектеп табалдырығын әлі аттамаған. Балалар Байсерке кентінің жергілікті базарында қайыр сұрауға мәжбүр.