Алматы облысында «Құрғақ порт» және «Қорғас - Шығыс қақпасы» ЕЭА аймағының құрылысы жобасын іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысы әкімдігі мен «KTZE - Khorgos Gateway» ЖШС арасында «Құрғақ порт» және «Қорғас - Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының құрылысы жобасын ілгерілету жөніндегі ортақ келісімге қол қойылды.
None
None

Аталған кездесудің мақсаты Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыра отырып өңірдегі әлеуметтік саланы нығайту, жаңа жұмыс орындарын ашу болып отыр.

Меморандум тармақтарында белгіленгендей аталған серіктестік жұмысшыларының 80%-ға жуығы өңір тұрғындарынан құралатын болады. Осының негізінде Алматы облысының әкімдігі транспорттық-логистикалық салада арнайы мамандар әзірлеп, олардың біліктілігін арттыру үшін оқу жұмыстарын жүргізетін болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін осы жерде 500 жаңа жұмыс орны ашылса, жоба толық іске қосылғанда 10 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Нұркент қалашығында «Құрғақ порт» қызметкерлеріне арналып арнайы тұрғын үй кешені бой көтеруде. Пенджім ауылында тұрғын үй кешендерін тұрғызу мақсатында Алматы облысы әкімдігі тарапынан жер телімі белгіленіп, бас жоспары нақтылануда. Бұдан басқа да бұл аймақта балабақшалар, мектептер мен аурухана құрылыстарын салуға дайындық жұмыстары басталып кетті.

Естеріңізге сала кетсек, «Құрғақ порт» іске қосылған соң халықаралық деңгейдегі ірі транспорттық-логистикалық және дистрибуциялық ауқымды орталыққа айналып, Қазақстан, Қытай және Еуразия кеңістігіндегі бірқатар елдердің әлемдік нарыққа шығуына жол ашатын болады.

Соңғы жаңалықтар