Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысында қылмыстық топ мүшесі гранатамен ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысы ІІД-нің ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес жүргізу басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірігіп қылмыстық топтың белсенді қатысушысын қолға түсірді.

Алматы облысында қылмыстық топ мүшесі гранатамен ұсталды

Тексеру барысында полицейлер 40 жастағы ер адамнан РГД-5 гранатасын анықтады. Баллистикалық сараптаманың қорытындысы бойынша ол қолдануға әбден жарамды екені анықталды.

Екі күннен кейін полиция қызметкерлері облыс орталығында қылмыстық ортаның тағы бір беделдісін ұстады. Бұрын бірнеше рет сотталған 46 жастағы қылмыскерден 2,46 грам героин табылды.