Алматы облысында мемлекеттік бюджетке түсімдер бойынша болжам 112,7 пайызға орындалды
Алматы облысының салық департаменті 2009 жылғы жұмыстардың қорытындысын шығарып, ағымдағы жылдың міндеттерін нақтылады.
Салық департаментінің бастығы Айгүл Жолдыбек ханым өз баяндамасында атап көрсеткендей, өткен жылы салық органының негізгі міндеті - болжамдық көрсеткіштерді орындау және бюджетке салық түсімдерін арттыру үшін қосымша қаражаттар іздестіру болды, және бұл міндеттер орындалды.
Мемлекеттік бюджет түсімдері бойынша болжам 112,7 пайызға орындалып, қазынаға 118 миллиард теңге түсті, бұл болжалған сомадан 13 миллиард теңгеге артық. Салық режимінің жаңа шарттарына қарамастан, 2008 жылмен салыстырғанда, 4 миллиард теңгеден астам соманың кірісі артық түсті, өсу қарқыны 106,7 пайызды құрап отыр. Республикалық бюджет түсімдері бойынша жоспар - 114,1 пайызға орындалса, жергілікті бюджет түсімдері -110,4 пайызға орындалып отыр.
А.Жолдыбек ханым, сала қызметкерлеріне бұған дейін жол берілген кемшіліктерді талдап, Жолдау жүктеген міндеттерді табысты орындау үшін жұмысты дұрыс жолға қоюды міндеттеді.