Алматы облысында Mercedes шағын автобусы мен Ford Tranzit соқтығысып, екі адам құрбан болды, 19-ы жарақаттанды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 4 қазан. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні шамамен кешкі алты кезінде оқушылар отырған шағын автобус Талдықорған қаласынан шығып,
None
None

Бақанасқа баратын жолдың бұрылысында пияз толтырылған Ford Tranzit автобусымен соқтығысқан.

Облыстың прокуратурадан хабарлағандай, апат салдарынан екі адам қаза болды - пияз толтырылған шағын автобустың жолаушысы мен Бақанастың 15 жастағы спортшысы.

Сонымен қатар, 19 бала зардап шекті. Оқушылар Талдықорғанда өткен грек-рим күресі жарысынан келе жатқан. Болжам бойынша, шағын автобустың жолаушылары Бақанастағы мектептердің бірінің оқушылары. Қапшағай ауруханасына ЖКО-ға тап болғандардың барлығы жеткізілді.

ІІД-нің хабарлауынша, жүгі бар көліктің жүргізушісі «Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр» белгісіне назар аудармай, жолдың қарсы бетіне шығып, автобуспен соқтығысқан.

Сонымен бірге жол полициясындағылар білім басқармасы басшылығы тарапынан жарыстан қайтып бара жатқан балаларды шығарып салуға өтініш жолданбағанын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар