11:07, 01 Маусым 2010 | GMT +5
Алматы облысында облыстық ведомстволарға жаңа басшылар тағайындалды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтың өкімімен облыстық ведомстволарға жаға басшылар тағайындалды. Атап айтқанда, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бастығы болып - Қобылан Манапов, еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бастық болып - Ұмсын Балабиева тағайындалды.
Жолаушылар көлігі басқармасының бұрынғы басшысы Бекежан Мамжанов жұмыстан өз еркімен босатылса, ал еңбекпен қамту басқармасының бұрынғы басшысы Қалыбек Алдабергенов пара алды деген айыппен тергеуде отыр.