12:00, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Алматы облысында өрт салдарынан 2 адам қаза тапты
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Алматы облысында болған өрт салдарынан 2 адам қаза тапты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің таратқан ақпараты бойынша, оқиға Қаратал ауданына қарасты Кәлпе ауылында орын алған. Өртті сөндіру барысында 70 және 50 жастағы екі адамның денесі табылған. 1 шаршы метр аумақты қамтыған тілсіз жау жергілікті тұрғындардың күшімен ауыздықталған.