Алматы облысында отандық брендпен жүзінші трактор шығарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - «Қаратал Агротех» серіктестігінің конвейерінен алғашқы «Арлан» тракторларының шыққанына бір жылдан асты. Бұрынғы Үштөбе тәжірибелік-экспериментальдық жөндеу-механикалық зауытының аумағында ұйымдастырылған трактор құрастыру жөніндегі зауыт қытайлық өндірістің тораптары мен агрегаттарынан тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруды жалғастыруда.

Алматы  облысында отандық брендпен   жүзінші  трактор   шығарылды

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ағымдағы жылдың тамыз айында «Қаратал Агротех» ЖШС ұжымы «Арлан» отандық брендімен жүзінші тракторды шығарды. 20-дан бастап 180 ат күшіне дейінгі аралықты қамтитын түрлі қуаттағы трактордың бес түрін қамтитын мамандандырылған техникаларды құрастыру ісі жалғасуда. Өндірістің құрылғанына көп бола қоймаса да, еліміздің көптеген шаруа және фермерлік қожалықтарының басшылары жаңа техниканың басымдықтарын мойындап отыр.

Қазір зауыт аумағында Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына жеткізуге арналған тракторлардың кезекті тобы сынақтан өткізілуде. Оған қоса зауытта басқа да ауыл шаруашылығы техникалары мен агрегаттары шығарылады.