Алматы облысында өткен Президенттік шыршада 200 бала жаңажылдық сыйлықтарға ие болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысында 200 бала Жаңа жыл қарсаңында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан сыйлықтар мен құттықтау хаттарын алды.
Президенттік шыршада балаларға түрлі-түсті қаптамаға оралған кітаптар мен спорттық костюмдер, спорттық аяқ киімдер, қысқы киім және аяқ киімдер, бас киімдер мен орамалдар, түрлі тәттілер салынған үлкен сыйлық дорбалары берілді.
Салтанатты жиын Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында өтті. Оған оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балалары, интернат және балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылды.