Алматы облысында пайдаланылмаған 100 гектардан астам жер ауыл шаруашылығына тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында пайдаланылмаған жерлердің жартысынан астамы ауыл шаруашылығы айналымына тартылды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов осылай мәлім етті.
None
None

«Жер мәселелері бойынша ретке келтіру мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ревизия жүргізіліп, 234 мың гектар пайдаланылмаған жер анықталды. Оның ішінде жартысынан астамы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану айналымына тартылды, яғни бұл тұрғыда 117,5 мың гектар қамтылды»,- деді А.Баталов Оның сөзіне қарағанда, дайын емес (инфрақұрылым тартылмаған) жер учаскелерін жеке тұрғын үй құрылысына беру тоқтатылды. Осының нәтижесінде заң бұзушылықтар қысқарды. «Бұдан кейін де заң бұзушылықтар болмас үшін, электронды нұсқада пайдаланылатын жерлердің кешенді картасын әзірледік. Ол үнемі жаңартылып тұрады. Осы тұрғыда жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін ашықтық қамтамасыз етілген», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар