Алматы облысында полицей формасын киген алаяқ әйел ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 1 маусым. ҚазАқпарат - Алматы облысы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері полицей формасын күштеп алушылық және алаяқтық үшін қолданған Талдықорған қаласының 32 жасар тұрғынын қолға түсірді.
None
None

Бұрын 2011 жылдың қыркүйек айында және 2013 жылдың сәуір айында екі ұсталған ол, сәйкесінше қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Тапқыр» әйел тиісті айырмашылық белгілері бар полиция лейтенантының формасын киіп, сөмкесінде ресми құжаттар деп таныстырған әр түрлі қағаздарды алып жүрген және адамдарға құқық қорғау мекемелеріне байланысты әр түрлі мәселелерге ықпал етуге уәде еткен. Соңғы оқиға бойынша ол ер адамға жүргізуші құқығын алуға көмектесуге уәде еткен. Жеке тексеру кезінде күдіктіден іс материалдарына қоса тіркелген полицей формасында түскен суреттер табылған. Факті бойынша тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар