10:31, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Алматы облысында полицейлер екі адамды өлтіру қылмысын ашты
ТАЛДЫҚОРҒАН. 28 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында полицейлер екі адамды өлтіру қылмысын ашты

Облыс ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қарасай ауданында Райымбек кентінің жанында «Ниссан Венета» автомашинасы табылды, оның салонынан бірнеше пышақ жарақатымен өлтіріліп, кілем мен матрасқа оралған ер адам мен әйелдің денесі болған.
«Жедел-іздестіру шараларының барысында қылмыстық іздестіру қызметкерлері Алматы қаласының тұрғындары болып табылатын зардап шеккендердің кім екендіктерін анықтады. Полицейлер ізін суытпай бір тәуліктің ішінде үш күдіктіні - екі ер адам мен әйелді ұстады, олар кінәларын мойындады», - деді полиция қызметкері К.Нұрахмет.
Мареиалдар Алматы ІІД-іне тапсырылды. Кісі өлімінің себептері анықталуда, деп хабарады ІІД-інен.