Алматы облысында полиция адам өлімімен аяқталған жол-көлік апаты орнынан кетіп қалған жүргізушіні ұстады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні «Алматы-Көкпек-Көктал» күре жолында жол-көлік оқиғасы орын алды.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, тұлғасы анықталмаған жүргізуші 35 жастағы ер адамды көлікпен қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан көз жұмды.

Анықталғандай, жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған.

Полицейлер оқиға орнында қалған көлік шамдарының сынықтары, бояу қалдықтары және басқа да айғақтар іздерімен «Лексус RX-350» көлігін анықтады.

Облыстық әкімшілік полицияның іздеу бөлімінің қызметкерлері жедел шараларын жүргізу барысында джиптің иесін көршілес Еңбекшіқазақ ауданынан тапты.

Күдікті жүргізуші көлік қорабында апаттан кейін қалып қойған іздерді өзінің гаражында кетіруге әрекет жасаған.

Қазіргі уақытта аталған фактімен қажетті сараптамалардың тағайындалуымен сол алдындағы тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар