Алматы облысында полиция есірткі саудагерлерін ұстады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы жедел өкілдерінің күш жұмылдыруы арқасында Еңбекшіқазақ ауданында есірткі саудасымен айналысып келген топ құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Есік қаласындағы есірткі саудасымен айналысатын орынды анықтап, оны жою бағытындағы жедел шара екі апта бойы жүргізілген. Операция барысында есірткі бизнесімен айналысты деген күдікпен жергілікті екі тұрғын ұсталды. Күдіктілер бұған дейін де есірткіні заңсыз тарату бойынша жауапкершілікке тартылған. Санкцияланған тексеріс барысында күдіктілерден аса ірі көлемде, нақтырақ айтқанда шамамен 10 граммға жуық героин тəркіленді» -,  делінген баспасөз баянында.

Осыған байланысты есірткіні заңсыз сақтау жəне сату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296 жəне 297 баптарына сəйкес қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар