Алматы облысында полиция із-түзсіз жоғалған 283 адамды тапты
ТАЛДЫҚОРҒАН. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері 2012 жылы із-түзсіз жоғалып кеткен 350 адамның 283-ін іздеп-тапты.
Жоғалған адамдарды іздестіру бойынша тұрғындардан түсетін өтініштердің саны артты. 2011 жылы 263 арыз тіркелді, полиция қызметкерлері 207 адамның мекенжайын анықтай алды.
Ресми түрде адамды іздеуге жоғалғаннан кейінгі үшінші күні жариялайды, бірақ әр жағдай жеке-жеке қарастырады.
Тек қаңтар айының 15 күнінде Алматы облысында ресми түрде іздеуге жарияланған алты адамның үшеуінің мекенжайы белгілі болды. Тағы төрт адам табылды. Алматы облысының полицейлері ресми іздеуге жариялап үлгермеген 5 адамның мекенжайын бірінші екі тәулікте анықтады.