Алматы облысында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

ТАЛДЫҚОРҒАН. 26 маусым. ҚазАқпарат - Жол-көлік оқиғасы Іле ауданындағы «Алматы-Междуреченск» тас жолының 38-ші шақырымында болды. Мұнда «Ауди-80» көлігімен келе жатқан Қарасай ауданының 62 жастағы тұрғыны жолдың қарсы жолағына шығып,
None
None

полиция қызметінің «Дэу-Нексия» көлігімен соқтығысып қалды.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, патрульдік көліктің ішінде екі полицей отырған, солардың бірі, 1980 жылғы аға сержант С.Дүмшібаев оқиға орнында көз жұмды. Полицияның кіші сержанты, 1985 жылғы Г.Сүлайманов пен Ауди-80 көлігінің жолаушысымен бірге Өтеген батыр кентіндегі ауруханаға жеткізілді. Екі қызметкерден тұрған патрульдік полиция экипажы Қараой ауылының ауданында патрульдеу бағытында жүрген.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, Ауди-80 көлігінің жүргізушісі мас күйінде болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат Іле АІІБ-ның уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Соңғы жаңалықтар