Алматы облысында Президент Жолдауын қолдау акциясы өтті
ТАЛДЫҚОРҒАН. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының ұжымы ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің негізгі бағыты» Жолдауын қолдауға арналған акция өткізді.
Партия филиалы ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Г.Тойлыбаева атап өткендей, қазақстандықтар Жолдауда жарияланған Президент тапсырмаларын орындау барысында өздерінің нақты міндеттерін айқындап алулары тиіс.
«Мемлекеттік-жеке әріптестіктің жаңа үлгісін жасайтын қажеттілік туып отыр», - деді ол.
Акцияға жастар, Талдықорғанның және жақын маңда орналасқан елді мекендердің тұрғындары қатысты.