Алматы облысында республикалық маңызы бар тасжолда сел жүрді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұйғыр ауданында толассыз жауған жаңбыр салдарынан республикалық маңызы бар «Ақсай-Шонжы» тасжолының 12-ші шақырымында сел жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сел 12 шілде күні кешкі сағат 17:19 шамасында жүрген.

«Жолдың бұл бөлігінде өту бір жолақта жүзеге асырылып жатыр. Лай-тас массасының жалпы көлемі 10 текше метр. Сондай-ақ, тасжолдың 18 -19 шақырымын қатты жауған жауын суы шайып кетті. Бұл аймақтарда жол белгілері орнатылды»,- деп хабарлады департаменттен.

Дереу жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 13 шілде күні таңертең барлық көлік түрлерінің қозғалысы қайта жанданды.

Зардап шеккендер жоқ.





Фото: www.instagram.com/almatyobl_tjd



Соңғы жаңалықтар
telegram