Алматы облысында шағын автобус пен шетелдік көліктің соқтығысуынан 2 адам мерт болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Еңбекшіқазақ ауданында «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолының 10 шақырымында жол-көлік апаты орын алды.
Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Газель-330» бен «Тойота-Превия» машинасының соқтығысуынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Есік қаласының ауруханасына апарар жолда көз жұмды. «Газельдің» жүргізушісі аздаған жарақат алды.
Жол полиция қызметкерлерінің алдын ала жасаған болжамы бойынша, жол-көлік апаты «Газель» маркалы көлікті басқарған жүргізушінің кінәсінен болған. Ол басқару тетігіне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.