21:23, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
Алматы облысында «Сыбаға» бағдарламасының аясында 552 шаруа қожалықтары құрылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Сыбаға» бағдарламасының іске асырыла бастаған уақытынан бері 33,5 мың басты құрайтын 552 шаруа қожалықтары құрылды.«Құлан»бағдарламасы бойынша 5,5 мың бас жылқы, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 26,2 мың бас мүйізді ұсақ мал сатып алынды.

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуінде айтылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал саны 18%, қой - 23%, жылқы - 15% дейін өсті.
Мал шаруашылығын дамыту мақсатында 12 млрд. теңгеге жуық субсидия бөлініп, мал бордақылау алаңдарына артылған салмақ үлесі 36%-дан 64%-ға дейін артты.
Өңір басшысы А.Баталовтың хабарлағанындай Мемлекет басшысының сиыр етін экспортқа шығару туралы тапсырмасын орындау бойынша ағымдағы жылы 38 шаруа қожалығы белгіленді. Олар өз өнімдерін Қытайға шығаратын болады. Сондай-ақ өзге мемлекеттермен де келіссөздер жүргізілуде.