Алматы облысында тамақ өнімдерінің 37%-ы қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейді

None
None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жүргізген өнімнің қауіпсіздігі мониторингісінің нәтижелері 2022 жылдың 6 айында зерттелген өнімнің 19%-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес еместігін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Негізгі зертханалық бақылау халық арасында күнделікті сұранысқа ие тамақ өнімдеріне бағытталған. Бұл - сүт, ет өнімдері, құс еті, кондитерлік өнімдер. Сондай-ақ, ойыншықтардың, балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлардың, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауға ерекше назар аударылды.

«Сәйкес келмейтін сынамалардың жалпы санынан тамақ өнімдеріне – 37%, тауарлардың өнеркәсіптік тобына - 63% келеді. Сәйкес келмейтін өнімді өндіруші елдер арасында отандық өндірушілер үлесіне-9%, ЕАЭО елдеріне - 28%, басқа елдерден әкелінетін - 63% (2021 жылғы 6 айда - 65%).

Тамақ өнімдерінің ішінде сәйкессіздіктердің ең көп пайызы сүт және сүт өнімдеріне, құс етіне - 8%-дан, балық өнімдеріне - 7%, ет өнімдеріне - 6%, қалған түрлерге 1-ден 3% -ға дейін келеді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, мониторинг нәтижелері зерттелген ойыншықтардың 53%-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетті. Ойыншықтардың сәйкес келмейтін сынамаларының 99%-да таңбалануының бұзушылықтары анықталған. Таңбалау бойынша жиі кездесетін бұзушылықтар - тауардың атауы, дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның), импорттаушының атауы мен орналасқан жері, дайындалған күні, ЕАС белгісі туралы ақпараттың болмауы немесе орыс және мемлекеттік тілдерде ақпараттың мүлде болмауы.

Сонымен қатар, Қытайда шығарған өндірушілері белгісіз 3 жастан асқан балаларға арналған ойыншықтардың 5 үлгісінде формальдегид пен басқа химиялық заттардың (стирол, ксилол, бензол) артық мөлшері анықталды ( «GT.POLICE CAR» «SUPER RACING SET» көліктер жиынтығы, «THUNDEGYRO», «CHO-Z ACHILLES.OO.Dm» ұшатын диск, «LOL» қуыршағы, SURPRISE, JK, MINI FASHION DOLL, «Girls Toys» «Piay Set» «Bring Endless Joy» «To the Children» ыдыс-аяқ жиынтығы, «Toys Toys», PLEASE RECYCLE су тапаншасы).

Сонымен қатар, формальдегид мөлшерінің артуы өндірушісі белгісіз балаларға арналған тауарлардың 1 сынамасынан табылды («Микимаус» шомылуға арналған ваннасы).

Ал, балалар мен жасөспірімдерге арналған киімдерді бақылау нәтижелері зерттелген үлгілердің 80%-ы техникалық регламенттерге сәйкес келмейтінін көрсетті. 94% жағдайда таңбалауы бұзылған өнімдер Түркия, ҚХР, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдерден әкелінді немесе белгісіз өндірушілермен өндірілген.

«Жалпы, 2022 жылдың 6 айында бұзушылықтардың анықтау фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің атына бұзушылықтарды жою туралы 80 ұйғарым берілді. Сәйкес емес өнімді өндірушілер мен импорттаушыларға 44 хабарлама жіберілді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде шаруашылық жүргізуші субъектілер 88,62 кг тамақ өнімдерін, 36 дана тауарларды сатудан алып, жеткізушілерге қайтарды»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар
telegram